{metadescription}
Алматыда рұқсатсыз пиротехника сатқандардың тауарын тәркілеп жатыр
Алматыда рұқсатсыз пиротехника сатқандардың тауарын тәркілеп жатыр

Алматыда рұқсатсыз пиротехника сатқандардың тауарын тәркілеп жатыр

Пиротехника сатып аларда сақ болыңыз. Алматыда бір апта бойы базарлар мен сауда орындарына рейд жүргізіліп, рұқсат етілмеген жерде салют сатқандар мен сақтағандардың тауарлары тәркіленіп жатыр.

Мереке қарсаңында пиротехникаға сұраныс артатыны анық. Ал рейдке шыққан мамандар заңсыз жолмен аталған тауардың саудасын қыздырғандарды әкімшілік жазаға тартып жатыр. 84 мың 600 теңге айыппұл салады. Сапасыз жарылғыш заттардың бүгінде базардан бөлек, дүкендерде де саудасы қызып тұр. Полицейлер бұл өнімнің кесірі көпке тиерін әрі адамдарды жазым етуі мүмкін екенін ескертеді. Жаңажылдық отшашу сақтаудың өз тәртібі бар. Бірақ оның бәрі шығын болғандықтан, сатушылар ережені пысқырмайды.

Жанболат Балғазиев, Түрксіб ауданы ішкі істер басқармасы бөлімі, Қару айналымын бақылау тобының инспекторы:

Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 196-бабы бойынша айыппұл 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Қолында рүқсат қағазы болу керек. Арнайы сақтау орны болу керек. Бұл кісілерде ондай ештеңе жоқ. Барып, сатып әкелді. Мына жаққа келіп сатып жатыр. Қауіпті дегеніміз , мына жерде басқа тауарларды тұтынушылар кіріп жатыр. Сондықтан бұл өте қауіпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде