{metadescription}
Петропавлда шырша саудасы қызғанын алаяқтар да пайдаланып жатыр
Петропавлда шырша саудасы қызғанын алаяқтар да пайдаланып жатыр

Петропавлда шырша саудасы қызғанын алаяқтар да пайдаланып жатыр

Петропавлда табиғи шыршаға деген сұраныс артты. Базарларда, сауда орындарында жаңа жылдың ең басты нышаны — жасыл шыршадан аяқ алып жүре алмайсың. Мерекеге санаулы күн қалғандықтан, қылқан жапырақтының сәндісін сатып алуға тырысқан жұрт та сапырылысып жүр. Тіпті бағасына да қарап жатқан жоқ. Осындай науқанды алаяқтар да сәтті пайдаланып жатыр екен.

Ольга Дурнева:

Біріншіден, қылқан жапырақты ағаштың иісі керемет қой. Жаңа жылда көңіл күйіңді де көтереді. Мүмкіндігінше табиғи шырша сатып аламыз. Балалармен бірге жасандырамыз.

Петропавлда қазір көше қиылыстарының өзі шырша базарына айналған. Саудагерлер тауарының мерекеге дейін сатылып кететініне сенімді. Жайқалып өскен қылқан жапырақтының бағасы 100 мың теңге төңірегінде. Бірақ халық бағасына қарап жатқан жоқ. Сұраныстың көптігін алаяқтар да ұтымды пайдалануда. Мәселен, Петропавлда ғаламтор арқылы жоқ шыршаны сатпақ болған төрт оқиға тіркелді. Тәртіп сақшылары жаңажылдық қарбаласта қырағы болуды ескертеді.

Виталий Подчернин, СҚО ПД аға жедел уәкілі:

Егер ғаламтор арқылы сауда жасағысы келсе, кез келген адам видео қоңырау арқылы хабарласқаны жөн. Шынымен де ол тауар бар ма, кім сатып тұрғанына көз жеткізуге тиіс. Егер ол алаяқ болса,тікелей баланысқа шықпайтыны айдан анық. Осылайша алданып қалмауға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.