{metadescription}
Kaspi.kz бүкіл елге танымал болған балабақшаға тосын сый жасады
Kaspi.kz бүкіл елге танымал болған балабақшаға тосын сый жасады

Kaspi.kz бүкіл елге танымал болған балабақшаға тосын сый жасады

Kaspi.kz жаңа жыл қарсаңында бүкіл Қазақстанға танымал болған балабақша ұжымына тосынсый жасады. Ақтөбелік балабақшалардың бірінде өткен ертеңгілік бүкіл қазақстандықтарды тәнті етті. Мұнда дәстүрлі Аяз атаның орнына Kaspi банкомат сыйлық таратқан. Ролик бірден ең көп қаралған видеолар тізіміне енді.

Бұған таңқалған компания қызметкерлері бүгін балабақшаға барып, сценарий мен кең тарап кеткен видео авторларымен кездесті.

Ақтөбедегі № 38 «Әлем» балабақшасындағы бұл ойыншық банкоматты қазір жұрттың бәрі біледі. Айналдырған бірер күн ішінде әлеуметтік желіде тараған роликті мыңдаған адам көрген.

Көпшілік тәрбиешілердің де қиялына тәнті болып жатыр. Балабақша қызметкерлері видеоның кең тарап кететінін білмеген де. Ал банкоматты балабақша қызметкерлері өзі ойлап тапқан.

Сәуле Сейітова, №38 «Әлем» балабақшасының тәрбиешісі:

Ойыншық банкомат жасауға тоңазытқыштың қорабын пайдаландық. Қаптама қатты болғандықтан, желімдеуге келмейді. Оны жіппен тігіп, түнімен әзірлеп шықтық. Балалар ертегіге сенеді. Сондықтан әркез ертеңгілікке түрлі қойылым ойластырамыз. Банкомат бүлдіршіндерге тосынсый болды.

Жаңажылдық ертеңгіліктің бейнеролигін тәрбиеші Карина Алшынбек өзінің Тик-токтағы парақшасына жүктепті. Педагог бір күнде ойыншық банкоматтың арқасында көп оқырман жиналады деп мүлдем күтпеген.

Әлеуметтік желіде кең тараған бейнероликті Kaspi.kz компаниясының ұжымы да түгелдей көрген. Ерекше ертеңігілік ұйымдастырған балабақшаны елеусіз қалдырмау керек деп шешіпті.

Жанар Әбдіхалықова, Kaspi.kz Батыс-1 өңірлік басқарушысы:

Біз әлеуметтік желіден көрдік видеороликті. Осы видеороликті көргенде таң қалдық. Не деген керемет видеоролик және ол жақта біздің банкоматтардың болғанына. Балабақшаға тілейтініміз көп рақмет! Осындай білім беріп жатқандарыңызға, жаңа заманда жаңадан әдіс ұйымдастырғандарыңызға.

Жаңажылдық ертеңгілікке Kaspi.kz компаниясының белгісі соғылған ойыншық банкомат жасаған балабақша ұжымының көңілі көтеріңкі. Мейрам қарсаңында арнайы құттықтап келген компания қызметкерлері құр қол келмеді. Мектепке дейінгі мекемедегі бүлдіршіндерге ойыншықтар сыйлады. Ал бүкіл қазақстанықтар көрген банкомат енді басты көрнекі құрал ретінде балабақшаның музыка залынан орын алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде