{metadescription}
Президент шыршасына тадықорғандық оқушы 100 раушан гүлінен көйлек тігіп киген
Президент шыршасына тадықорғандық оқушы 100 раушан гүлінен көйлек тігіп киген

Президент шыршасына тадықорғандық оқушы 100 раушан гүлінен көйлек тігіп киген

Астанада «Жаңа жыл республика төрінде»» атты балалар шыршасының мерекесі өтті. Мемлекет басшысының атынан мерекелік шараға еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам бала шақырту алған.

Жаңажылдық мерекеге 8-12 жас аралығындағы алдын ала іріктелген оқушылар шақырылды. Оқуда озат, шығармашылық, интеллектуал және спорт сайыстарында жетістігімен үздік шыққан балалар. Талдықорғандық Кәусар Алмасқызы айтулы шараға арнап өз қолымен 100 тірі раушан гүлінен сәнді көйлек тігіпті.

Кәусар Алмасқызы, оқушы:

Мен мұндай үлкен шыршаға бірінші рет келіп тұрмын. Осы жердегі Аяз ата ұнады. Беріп жатқан сыйлықтары, балалардың киімі ұнады. Аяз атадан мен отбасымызға береке бергенін қалаймын.

Балаларға елорданың үздік шығармашылық ұжымдарынан 400 өнерпаз мерекелік көңіл күй сыйлады. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солистері «Күлбикеш» қойылымын тарту етті. Ал Маржан Арапбаева, Қарақат Әбілдина, Ержан Максим сынды танымал әншілер әннен шашу шашты. Ұмытылмас мерекеге қатысушылардың бәріне мемлекет басшысының атынан жаңажылдық сыйлықтар табыс етілді.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Ішінде айпад бар. Одан кейін тәттілер бар. Білімін одан әрі шыңдау үшінғ ішінде энциклопедия кітаптар бар, қызықты ақпаратқа толы және ең бастысы, осы рюкзактың ішінде президентіміз Қ.К.Тоқаевтың сіздерге арнаған ыстық ықыласты құттықтау открыткасы салынған. Жаңа жыл құтты болсын!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде