{metadescription}
Жаңа жыл: КТК арнасы 31 желтоқсанда 20:00-де керемет концерт ұсынады
Жаңа жыл: КТК арнасы 31 желтоқсанда 20:00-де керемет концерт ұсынады

Жаңа жыл: КТК арнасы 31 желтоқсанда 20:00-де керемет концерт ұсынады

Көрерменге КТК арнасының жаңажылдық шашуы дайын. 31 желтоқсан күні сағат 20:00-де көрсетілетін «Кел, шырқайық» бағдарламасының мерекелік шығарылымын тамашалауды ұмытпаңыздар.

31 желтоқсан күнгі Жаңа жыл алдындағы кеште көрермендеріміздің назарына ұсынатын бағдарламаның форматы да ерекше. Бұл жолы елдің түкпір-түкпірінен ат басын бұрған түрлі ұжымдармен қоса, отандық өнер жұлдыздары да ән шырқайды.  Екі сағаттық сазды бағдарламаның тұрақты жүргізушісі Қайрат Әділгерей әдемі әзілімен өрбітпек. Түрлі әзіл де, би де, сазды әуен де осында.

Эстрада жұлдыздары өтіп бара жатқан жылға алғыс айта отырып, келер 2024 жылға арналған ақжарма тілектерін жеткізеді. Көрерменге көтеріңкі қөңіл күй сыйлау үшін музыкалық шоудың ұжымы барын салды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде