{metadescription}
Шығыс пен солтүстікте — боран, батыста күн жылынып өзен деңгейі көтерілген
Шығыс пен солтүстікте — боран, батыста күн жылынып өзен деңгейі көтерілген

Шығыс пен солтүстікте — боран, батыста күн жылынып өзен деңгейі көтерілген

Ақтүтек бораннан еліміздің бірқатар өңірінде көлік қатынасы қиындады. Әсіресе Қарағанды аумағында жағдай ушығып тұр. Үш күн қатарынан тәртіп сақшылары мен құтқарушылар бұл жақта қар құрсауында қалған 18 мың көлікті шығарып алған. Шығыс пен солтүстікте де алай-дүлей боран тоқтамай тұр. Ал батыс өңірлерде күн жылынып, Ақтөбе облысында тіпті өзен деңгейі көтеріле бастаған.

Қарағанды өңірінің тұрғындары жаңа жылды қарлы боранмен қарсы алды. Ақтүтек бұл жақта әлі күнге дейін сейілмей тұр. Жол сақшыларымен құтқарушылар үш күн бойы қар құрсауында қалған 18 мың көлікті шығарып алған. Оларға жол талғамайтын көлік тізгіндеген жүргізушілер клубының еріктілері біраз көмек берген.

Тигран Микоян, Қарағанды тұрғыны:

Осындай ауа райында жолда қалғандарға жету қиын болды. Бораннан түк көрінбейді. Сыртқа шықсаң, қатты желден жұмыс істеу мүмкін емес. Соғылысқан көліктерді жолдан шығарып, кептеліп тұрып қалған машиналарға трассада жол аршыдық.

Бет қаратпайтын ақтүтек боран Абай облысының жұртын да әуре-сарсаңға салуда. Қазір өңірде діттеген жеріне жете алмай жолда қалған жолаушылар көбейді. Аймақтың полиция қызметкерлері жолда қалған жұртты жаппай құтқарып жатыр. Күшейтілген режимде кезекшілік атқарып жүрген тәртіп сақшылары бір күннің ішінде 15-тен астам жүргізушіге қол ұшын созған. Жолаушылардың арасында үсікке шалдыққандар жоқ.

Біресе жаңбыр, біресе қар жауып көктайғаққа айналған Ақмола облысында да соңғы үш күн бойы ақтүтек боран. Жолдың көрінуі нашарлап, тек Астана –Петропавл тас жолында 19 рет жол көлік оқиғасы болды. Түк көрінбейтін алай-дүлей боранда Түрген ауылынан екі шопан жоғалып кетті. 54 -58 жастағы азаматтарды жер көктен іздеген құтқарушылар ауылдан 15 шақырымға ұзап кеткен жерінен тапты. Әйтеуір олар дін аман. Жаурап қалғандарға медициналық көмек көрсетілді. 

Азамат Баймағамбетов, Аршалы ауданы ТЖБ бас маманы:

Қалың қар жауып, қатты жел тұрғандықтан боранда жолдың көрінуі нашарлады. Сондықтан республикалық маңызы бар тас жолдар жабық. Жүргізушілерге аса қажет болмаса, жолға шықпауды ескертеміз. Автожолдардың ашық екеніне көз жеткізіп барып шығыңыздар.

Еліміздің батысында қыс ортасы болса да аяз түспей, күн райы сан құбылып тұр. Тіпті Ақтөбе облысында қырдан қар суы ағып, өзен көтеріле бастаған. Тасқыннан Байғанин ауданындағы Көкбұлақ ауылының көпірін Сағыз өзені шайып жіберді. Қатынас тоқтап, ауылға жедел жәрдем жете алмай қалған. Дәл осы елдімекенде үш жасар бүлдіршін қатты затты жұтып қойып, медициналық көмек керек болған екен.

Батыс өңірлерде аяз келер аптада ғана күшіне мінеді. Қазір сынап бағанасы 0 мен минус бір градус арасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде