Астана-Петропавл тас жолында 15 көлік соқтығысты
Астана-Петропавл тас жолында ірі жол апаты болып, 15 көлік соқтығысты. Бір мезетте ондаған көліктің жаншылуына ақтүтек боран себеп болған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
03.01.2024
Тапа тал-түсте 15 көлік бірін-бірі соққан. Күндізгі уақыт болғанымен, қарыс қадам көрінбейтін ақтүтек боран соғып тұрған. Соның салдарынан үш адам жарақаттанып, Макинск қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Науқастардың арасында 9 жастағы бала бар. Жол апатында барлық көлік зақымданған. Тәртіп сақшылары апатқа кімнің кінәлі екенін анықтау үшін сараптама тағайындап, тергеуді бастады.
Уәлихан Жүнісбеков, Ақмола облысы ПД басқарма бастығының орынбасары:
— Жол апатына басты себеп — жүргізушілер ауа райының қолайсыз жағдайында арақашықтық пен жылдамдықтысақтамау. Бір күн бұрын автобанда 14 көлік соқтығысып, бір адам мерт болған. Енді 15 көлік жол апатына ұшырап отыр. Жүргізушілер боранда, көктайғақта жолдар жабылып, арнайы қызмет ауа райына байланысты қайта-қайта ескерту жасап жатқанына құлақ асса дейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!