{metadescription}
«Инстаграмдағы кикілжің». Ақтөбеде жастар төбелесіп, екі бозбала көз жұмды
«Инстаграмдағы кикілжің». Ақтөбеде жастар төбелесіп, екі бозбала көз жұмды

«Инстаграмдағы кикілжің». Ақтөбеде жастар төбелесіп, екі бозбала көз жұмды

Ақтөбеде жастар арасындағы жаппай төбелестің соңы екі баланың өлімімен аяқталды. Әлеуметтік желіде басталған кикілжіңнен қос тарап түн жарымында бетпе-бет кездесіп, бір-біріне пышақ салған. Кәмелетке толмаған екі студент қыршын кетіп, тағы екеуін жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізген. Қанды қылмысқа қатысы бар алты жігіт қамауда отыр.

Қанды оқиға Ақтөбе іргесіндегі Қызылжар ауылына кіреберісітегі дүкеннің алдында болған. Түн ауғанда он шақты жігіт осы жерге жиналып алып төбелесіп, бір-біріне пышақ салған.

Мұзды қардың үстіне тамған қан ізі оқиға орнында анық көрініп жатыр. Пышақ тиген бозбаланың бірінің қансырап сүйретілгенін де байқауға болады. Екі жақ болып жұдырықтасқан соң қарсы тарап төрт жігітке пышақ сұққан. Қыршын кеткен студенттің бірінің көк тамырына тиіп, жүрегін жарақаттаған. Екіншісінің де көктамырына тиген пышақтан қан көп кетіп, есін жия алмапты. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізгенмен, дәрігерлер аман алып қала алмады.

Жазылбек Әбдин, Ақтөбе облысы ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Жүрек жарақатымен науқас жедел түрде ота жасалды. Ота кезінде 2-3 сағаттан кейін геморроид шоктан қайтыс болды. Күре қан тамыры жарақаттанған науқас клиникалық өліммен келіп түскен. Ота басталмай жатып, геморроид шоктан екі науқас та қайтыс болды.

Жаппай төбелесте жарақат алған басқа екі жас аман. Бірінің кеуде тұсынан пышақ тіліп өткен. Екіншісінің иығына тиіпті. Марқұм болғандар жергілікті колледжде оқыған. Мұғалімдері олардың оқуда озат, спортпен кәсіби шұғылданғанын айтып отыр. Оқытушылары да қанды оқиғаны түн жарымында естіпті.

Сәнімгүл Жақыпова, Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледж директорының орынбасары:

Түнде естіпбөлімшеге бардық. Біздің студент екенін білдік. Жай түскендей болды. Оңай емес. Сіздерге жауап беру де оңай болып тұрған жоқ, ауыр қайғы.

Тәртіп сақшылары жастар арасындағы кикілжіңнің әлеуметтік желіде басталғанын айтады. Олар Инстаграмда сөзге келіп, түн жарымында кездесуге уағдаласқан. Дүкен алдында ақыры пышақтасып, қазір қылмысқа қатысы бар алты жігіт қамауға алынды. Арасында студенттерден бөлек, жақында әскерден келгені де бар.

Жандарбек Спан, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі:

ҚР ҚК 99-бабының екінші бөлігінің бірінші, тоғызыншы, 14-тарамақтары бойынша қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала деректер бойынша, 2 қаңтар, 2024 жылы Инстаграм желісінде кәмелетке толмағандар арасында жанжал туындап, оның нәтижесінде бір кәмелетке толмаған бала дүкеннің жанында кездесуді ұсынған.

Қос қыршынның сүйегін мәйітханадан үйіне жеткізді. Ал алты күдіктіге тағылған айып та ауыр. «Адам өліміне әкелуге себеп болған әлеуметтік желідегі даудың да кесірі тиді», - дейді тәртіп сақшылары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде