{metadescription}
Қаракөлде құс тұмауынан 300-ге жуық аққу қырылған
Қаракөлде құс тұмауынан 300-ге жуық аққу қырылған

Қаракөлде құс тұмауынан 300-ге жуық аққу қырылған

Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде қырылған аққу саны 300-ге жуықтады. Өлекселер жабайы құстың «сыбырлақ аққу» деген санатына жатады екен. Мамандар махаббат символына айналған аққулар құс тұмауынан қырылып қалды деп отыр.

Жағалаудан табылған аққудың 132 өлексесі жойылды. Ветеринар мамандар 95-ін жинақтап, сынама алып, содан соң жою жұмысын жүргізеді. Айтуларынша, аққулардың бір мезетте қырылуына құс тұмауы әсер еткен. Қарақия-Қаракөл қаумалында құстардың қырылуы сирек жағдай. Қаумал инспекторлары Қаракөлде 5-6 мың бас аққу қыстап жатқанын айтады.

Жалпы Қаракөлдің жағасы таяз, терең жері бір метр. Ал жағалауы 20-30 сантиметрден аспайды. Сондықтан инспекторлар мен экологтар құстардың қырылуына алаңдап, өлекселермен қатар көлді де зерттеу керек деп отыр.

Мағжан Ғалымов, Маңғыстау облысы экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Аумақтағы инспекциямен өлекселердің арнайы сыналамасы сараптамаға жолданған. Микробиология, вирусология ғылыми-өндірістік орталығының зертханасымен және ветеринария ұлттық орталығымен бірге жасалған. Сараптама нәтижесінде құс тұмауына оң нәтиже көрсетілді. Жұмыс ары қарай жалғасады. Департамент тарапынан тиісті шаралар жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде