{metadescription}
Соленый көлінде жарты тонна мөңке балығы қырылған
Соленый көлінде жарты тонна мөңке балығы қырылған

Соленый көлінде жарты тонна мөңке балығы қырылған

Атырауда балық қырылып жатыр. Су бетінде қалқыған қырылған балықтың видеосы әлеуметтік желіге тараған. Кейін бұл оқиға Құлсары қаласындағы Соленый көлінде болғаны анықталды.

Үш шақырымды алып жатқан су арнасы тасқында пайда болған жасанды көл екен. Мұнда қынадай қырылып жатқан мөңке балығы болып шықты. Алдын ала болжам бойынша таяз көлге мұз қатып, балықтарға оттегі жетіспеген көрінеді. Өйткені судың тереңдігі бар-жоғы 50-80 сантиметр. Қазір балық шаруашылығының мамандары көл бетінде көлкіген жарты тоннаға жуық өлексені сүзіп алып, жою жұмысын жүргізіп жатыр.

Әсел Ищанова, Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

Су деңгейі төмен болып, мұз құрсауының қалыңдауы себебінен балықтарға оттегі жетіспей, мөңке балығы қырылып қалған. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен 2 қаңтар күні 441 кг мөңке балығы жиналып көзі жойылды. Бұл Соленый көлі бекітіліп берілмеген, балық шаруашылығы маңызы бар су айдынына жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде