«Бес жылға су». Астанада үшінші су сорғыш-сүзгіш станциясы іске қосылды
Алдағы бес жылда су тапшы болмайды. Астанада көптен күткен үшінші су сорғыш-сүзгіш станциясы іске қосылды. Маңызды шараға Мәжіліс депутаттары да арнайы шақырылған.
Автор: Мерей Қалиасқар
03.01.2024
Екі жарым жылға жуық уақыт ішінде салынған станцияның жалпы қуаты тәулігіне 105 мың текше метр. Ал жоба құны 60 млрд теңге шамасында. Нысан қолданыстағы өнімділігі тәулігіне 320 мың текше метрді құрайтын екі бірдей станцияға қосымша сеп болмақ. Мамандар пайдалануға берілген нысанның көмегімен 2029 жылға дейін елордада су тапшы болмайды деп сендірді.
Жоба аясында Тұран даңғылына дейін ұзындығы шамамен 17 шақырым болатын магистральді су құбырын салу көзделген. Бұл елорданың сол жағалауындағы сумен жабдықтау желілерінің қысымын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Ал су сапасын жақсарту үшін станцияда химиялық, биологиялық және бактериялық екі зертхана істеп тұр.
Абылай Елжасов, «Астана су арнасы» МКК директорының орынбасары:
— Су тазалаудың үш кезеңі бар. Бір айта кетерлігі. елімізде бірінші рет ультракүлгін зарарсыздандыру технологиясы қолданыла бастады. Бұл станцияның іске қосылуымен Алматы мен Есіл ауданы толық сумен қамтылады. 2028 жылы төртінші су сорғыш-сүзгіш станциясы салынады деп жоспарланды. Қуаты тәулігіне 200 мың текше метр. Ол жоба су көзі тапшы аудандарды қамтиды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!