{metadescription}
«150 метр тереңге құлаған». «Майқайың-алтын» кенішіне автобус құлап, екі адам қаза тапты
«150 метр тереңге құлаған». «Майқайың-алтын» кенішіне автобус құлап, екі адам қаза тапты

«150 метр тереңге құлаған». «Майқайың-алтын» кенішіне автобус құлап, екі адам қаза тапты

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» кәсіпорнына қарасты кенішке құлаған автобустағы төрт адамның екеуі қаза тапқан. Марқұмдардың денесі сыртқа шығарылды. Тереңдігі 150 метр, топырағы опырылып жатқан шұңқырда құтқару жұмысын жүргізіп жатқан мамандардың өміріне де қауіп төніп тұр.

Оқиға түнгі бір жарым шамасында болды. Шақырту түсіп, апаттан құтқарудың кәсіби әскери қызметшілері мінген автобус кенішке жақындағанда жер опырылып кеткен. Автобустағы үш маман жүргізушісімен бірге 150 метрлік тереңге құлаған. Түнгі сағат үште басталған құтқару жұмысы әлі жалғасып жатыр. Өкінішке қарай төрт адамның екеуінің өлі денесі табылып, жоғарыға шығарылды. Екі адам әлі табылған жоқ. Шахтада жұмыс істеп жатқан 33 адам сыртқа шығарылды. Кеншілердің өміріне еш қауіп жоқ. Бірақ автобусты шығару қиындық туғызуда.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Құтқару жұмысы өте күрделі. Кеніштің жан-жағынан кез келген уақытта топырақ опырылып түсуі мүмкін. Құтқарушылардың өміріне қауіп төнбеуі үшін сақтық жасап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде