«Бума-бума ақша». Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары қамауға алынды
Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары қамауға алынды. Жандос Рахымғалиев ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.
Автор: Салтанат Шырынхан
04.01.2024
Антикордың мәліметінше, пара көлемі 14 миллион теңге. Ол соманы атқамінер жергілікті кәсіпкерлерден мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу үшін алыпты. Сондай-ақ орындалған жұмыс актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорына алуға жәрдемдесуге келіскен көрінеді. Видеода көрсетілгендей, әкім орынбасарының кабинетін тінткен кезде бума-бума ақша табылған. Қазір Рахымғалиев уақытша ұстау изоляторында.
Нұрлан Садықов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы департаменті бастығының орынбасары:
— Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!