{metadescription}
Аграрлық университетте 50 миллионға жуық ақша желінген
Аграрлық университетте 50 миллионға жуық ақша желінген

Аграрлық университетте 50 миллионға жуық ақша желінген

Аграрлық университетте ақша желінгені анықталды. Прокуратура мал дәрігері мен агроном даярлайтын ұлттық білім ошағында бюджеттен бөлінген 50 миллион теңгеге жуық ақшаның есебін таба алмай отыр. Білім ордасы таратқан мәліметке сенсек, бұл ақша тыңайтқыштар мен жүгері тұқымына кетіпті.

Алайда университет күмәнді фирмалармен келісімшарт жасасқан соң, аммиак селитрасы мен амфостың, жүгері тұқымның және бұның бәріне жұмсалуы тиіс қаражаттың қайда қалғаны түсініксіз. Ол аздай, университет аумағынан дүкен мен асхана ашуға нысандарды жалға беріп келген. Ал жалдау ақысын қолма-қол немесе мобильді аударым арқылы алыпты. Яғни университетке тиесілі қаражат бәз біреудің қалтасына түсіп отырған. Шығын 8 миллионға жуық теңге. Аталмыш заңбұзушылық осыдан төрт жыл бұрын болған. Күдіктілердің саны әрі лауазымдары беймәлім.

Нұрсұлтан Алдашев, Алматы прокуратурасының басқарма прокуроры:

Алматы прокуратурасымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу институтын тексеру жүргізілген. Мемлекет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Шығын шамамен 43 миллионды құрайды. Аталмыш факті сотқа дейінгі тергеу тізіміне тіркелді. ҚР ҚК 189-бабы, 4-тармағы, 2-бөлігімен тіркеліп, Алматы қаласының сотқа дейінгі тергеу басқармасымен тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде