{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Президент лаңкестік шабуыл салдарынан бақилық болғандардың жаны жәннатта болуын, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасына аман-есен оралуын тілеген.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Керман қаласында болған лаңкестік әрекеттен жүздеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан сізге, жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын.

Иранның оңтүстігіндегі Керман қаласында болған екі бірдей жарылыстан 84 адам қаза тауып, екі жүзден астам тұрғын жарақат алған. Лаңкестік шабуыл Ислам революциясының генералы Қасым Сүлейманидің қайтыс болғанына орай өткізілген ас кезінде жасалды.

Керман провинциясының губернаторы жарылыстарды «террорлық шабуыл» деп атады. Қайғылы оқиғаға байланысты Иранда қаралы күн жарияланған.

«Құдыс» жасағының басшысы болған Қасым Сүлеймани төрт жыл бұрын көз жұмған. Бағдат әуежайы маңындағы шабуылда оның орынбасары да мерт болған. Бұған жауап ретінде Иран Ирактағы америкалық әскери күштер қолданып келген екі нысанға зымыранмен соққы жасаған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.