Жапониядағы жер сілкінісінен 77 адам қаза тауып, 400-ге жуығы жараланған
Жапониядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 77 адамға жетті. 400-ге жуық тұрғын жараланған. Жапония премьер-министрі Фумио Кисида зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде әскерилер жіберілгенін мәлімдеді.
Автор: Әсем Лесбек
04.01.2024
Ното түбегінде алғашқы дүмпу тіркелген тәуліктен бастап бүгінге дейін барлығы 600-ге жуық жер сілкінген. Зілзаладан жұрт жарықсыз және ауыз сусыз қалды. Кейбір аудандарда интернет пен мобильді байланыс жоқ. Қирандыларды аршу, іздестіру-құтқару белсенді жүріп жатыр. Сейсмологтар жер сілкінісінің қайталану қаупі барын ескертеді. Цунами туралы ескерту таралған соң, зардап шеккен аймақтардан тұрғындар эвакуацияланды. Жапония жұрты 2011 жылғы жағдай қайталана ма деп қорқып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!