{metadescription}
Алматылық азамат алаяқтарға алданғанын дәлелдей алмай жүр
Алматылық азамат алаяқтарға алданғанын дәлелдей алмай жүр

Алматылық азамат алаяқтарға алданғанын дәлелдей алмай жүр

Алаяқтарға алданғанын дәлелдей алмай жүр. Алматылық азаматтың атынан әлдекімдер электронды цифрлық қолтаңба жасап, 20 миллион теңге несие алған. Қылмыс жасалған кезде шетелде болған жәбірленуші телефонына ешқандай хабарлама келмесе де, банктің жеке басын анықтамай, қалайша үлкен сома бере салғанын түсінбей дал. Жазған арызының негізінде полиция оны жәбірленуші ретінде танығанмен, барлық есеп-шоты бұғатталып, 20 миллион несиенің пайызы күн сайын өсіп жатыр. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Мұса Мамедов айдын-күннің аманында қалайша алаяқтықтың құрбаны болдым деп ауыр күрсінеді. Тасымалмен айналысатын азамат қылмыс жасалған сәтте тіпті елде емес, шетелде жұмысымен жүрген екен.

Мұса Мамедов, жәбірленуші:

Мен Еуропада болған едім. «Банк центр кредиттің» қызметкері хабарласты. «Өткенде алған несиеңіз бойынша сұрайын деп едік» дейді. Ол банктен несие алмақ түгілі, ешқашан есепшот ашып көрмегенімді айттым. Сөйтсем, 2 қазан күні 20 миллион теңге алғансыз деді.

Жұмысын жайына тастап, елге уайыммен алып-ұшып жеткен Мұсаның күдігі расталғанда, салысы суға кетті. Расында оның атынан электронды цифрлық қолтаңба арқылы 20 миллионға несие алынған. Дамыған заманда қалайша мұндай бассыздыққа жол берілді деген сұрақтың жауабын әлі таба алар емес.

Мұса Мамедов, жәбірленуші:

Банкке барғанда бар айтқандары» электронды цифрлық қолтаңбамен несие алынған» деді. Ал ең болмаса, жеке басты анықтайтын видео тексеріс болмайтын ба еді десем, «білмедік анықтаймыз» деп қысқа қайырды. Құзырлы органдарға арыз тастағаннан кейін бір айдан соң «мына нөмірге хабарлама жіберілген» деген жауап берді. Бірақ ондай нөмір менде өмірі болмаған. Қазір қарыздың көлемі 22 миллионға дейін өсті. Несиені бірнеше күннің ішінде бес есепшотқа аударған.

Болған жайды електен өткізген полиция алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғаған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі

Аталмыш дерек бойынша Алмалы ауданды полиция басқармасында ҚР ҚК 190-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны туралы хабарлаймыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген барлық тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция Мұсаны жәбірленуші ретінде таныды. Солай бола тұра, әлі күнге дейін барлық есепшоты бұғатталған. Банк несиені төлеу уақытын сот шешіміне дейін тоқтаудың орнына, керісінше, өсімақысымен есептеп жатыр. Белгілі заңгер Ғабит Өмірбектің айтуынша, бұл жағдайдағы «банктің әрекеті біздің Ата заңымызға қайшы».

Ғабит Өмірбек, заңгер:

Одан ешқандай ақша талап етпей, қылмыстық істің біткенін күтуіне міндетті немесе құқығы болады. Көбінесе банктер ешнәрсеге қарамастан қылмыстық іс бар бола тұра, тергеуші хат жаза тұра, жәбірленуші ретінде таныла тұра, ақшаны алмағанды біле тұра, олардан бас тартады да, «ақшаны сіз өндіресіз» дейді. Бұл біздің конститутцияға қайшы деп ойлаймын. Мұндай кезде азамат дереу қылмыстық іс құжаттарының көшірмелерін алып, азаматтық сотқа арыз жазып, келісімшартты заңсыз деп тану туралы арыз жазу керек.

Азаматтық соттың ақшаны алмағанына көзі жетсе, келісімшартты заңсыз деп таниды. Сол жағдайда ғана банк есепшотын бұғаттан шығарып, 20 миллионның несиесін төлеу міндетінен босатады. Бұл іске қатысты банк әзірге жарытып жауап бермеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде