{metadescription}
«Абаттандыру, көгалдандыру». Құрылыс компанияларына жаңа талап қойылды
«Абаттандыру, көгалдандыру». Құрылыс компанияларына жаңа талап қойылды

«Абаттандыру, көгалдандыру». Құрылыс компанияларына жаңа талап қойылды

Елімізде жаңа бой көтеретін кешендердің аумағы абаттандырылып және көгалдандырылуы тиіс. Бұл құрылыс компанияларына қойылған жаңа талап. Осылайша өнеркәсіп және құрылыс министрлігі енді салынатын нысандарға қатысты ережеге өзгеріс пен түзетулер енгізбек.

Әдетте құрылысы аяқталған ғимарат монтаждау жұмыстары мен инженерлік және коммуналдық жүйе қосылғаннан кейін ғана қолданысқа берілетін. Енді түзетулер шеңберінде оған сыртқы ауласын көріктендіру де кіріп отыр. Бұл тікелей бастапқы жобада бекітіледі. Аталған өзгерістер толық жүзеге асқанда ғана нысанды пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл, біріншіден, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартады. «Тұрғындардың игілігі үшін жасалып отыр», - дейді мамандар. Ол халықтың эмоционалды жағдайына оң әсер етіп қана қоймай, тікелей денсаулығына да тигізер пайдасы мол болмақ.

Одан бөлек, қаланың әр бұрышында бой көтерген көп қабатты тұрғын үйдің айналасы гүлденіп, жасыл желектің жайқалғаны көрер көзге де көрік берері сөзсіз екенін жасырмайды.

Бағдаулет Нұрберген, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. Сәулет, қала құрылыс және қала құрылысы кадастры басқарма басшысының міндетін атқарушы:

Объектілерді пайдалануға берудің өлшем шарттарының бірін белгілеу, объектіні салуға бөлінген аумақты көгалдандыру тұрғындардың жайлылық деңгейін едәуір арттыруға, жел мен шаңды ұстап, атмосферадағы оттегі құрамын арттыруға, шу және шаңды жолдар мен өндірістерден үй маңындағы кеңістікті бөлуге, ауланың келбетін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде