{metadescription}
Алматыда автобус апатынан зардап шеккендер ауруханадан шықты
Алматыда автобус апатынан зардап шеккендер ауруханадан шықты

Алматыда автобус апатынан зардап шеккендер ауруханадан шықты

Алматыда автобус апатынан зардап шеккендердің бәрі ауруханадан шықты. Ең ауыр жарақатпен түскен 50 жастағы әйел де күні кеше үйіне жіберілген. Жамбасы сынып жансақтау бөлімінде бірнеше күн жатқан науқасты дәрігерлер 13 күн бойы жіті бақылауда ұстады.

Рамазан Әскеров, Алматы №7 клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі:

Төртеуі де ауыр жарақат алған. Біреуін үйге жібердік, жатқызуға көрсеткіші болйынша сәйкес келмеді. Біреуін жансақтау бөліміне жатқыздық, екеуі нейрохирургияда жатты. Жансақтау бөлімшесінен кейін ортақ палатаға ауыстырылды. Жамбас сүйектері сынған. Үш-төрт күннен кейін тексеріп, ота жасадық. Ота жасағаннан кейін 50 жастағы науқас өз аяғымен үйіне кетті.

Түрлі жарақатпен ауруханаға жатып шыққандардың ішінде 56 жастағы ер адам мен сол автобустың 36 жастағы жүргізушісі де бар. Оларға да тиісті медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Еске салайық, қайғылы оқиға осыдан екі апта бұрын Алматыда №7 клиникалық аурухананың алдында болған. Жүгенсіз кеткен №47 бағыттағы қоғамдық көлік жол жиегінде тұрған бір топ адамды қағып өтеді. Автобустың астында қалған үш адам жантәсілім етіп, төртеуі жарақат алған.

Апатқа жүргізуші мен жолаушы арасындағы дау себеп. Жанжалдаса келе, ер адам рөлде отырған әйелді жұдырықтай жөнеледі. Екі ауыр соққыдан жүргізуші есінен танып қалған. Автобус бар жылдамдығымен жол жиегіндегілерді жайпап өткен.

Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. Күдікті ретінде сол жұдырығы жуан жолаушы танылды. Екі баппен қозғалған іс бойынша ол енді 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ жол апатына қатысты да бөлек тергеу жүріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекетіне де құқықтық баға беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде