{metadescription}
Шымкентте "қайтарымсыз грант алып берем" деген адамға алданғандар наразылық білдірді
Шымкентте "қайтарымсыз грант алып берем" деген адамға алданғандар наразылық білдірді

Шымкентте "қайтарымсыз грант алып берем" деген адамға алданғандар наразылық білдірді

Шымкентте "қайтарымсыз грант алып берем" деген адамға алданғандар наразылық білдірді. Айтуларынша, бұрын жеке сот орындаушысы болған Қайрат Ыбыраев деген азамат Шымкент қаласы мен Түркістан облысының 150-ден астам тұрғынын сан соқтырған. Әрқайсысы 200 мың теңгеден бастап, 7 миллионға дейін ақша беріпті.

Әйгерім Айнабекова:

Тергеушілерге 3 миллион теңге бергенмін деп айтты.  Ал мен барсам, олар мені қабылдаған жоқ. Арызымды қабылдаған жоқ. Тергеушілер маған аты-жөнін өтірік айтты. Ахметов Бауыржанмын деп таныстырды, ал оның шын мәнінде фамилиясы Төребай Бауыржан екен. Ағамның қарындасы бар, ол кісі де ақшамды берші берші деп жалынды, берген жоқ. Ол кісі де күйіп-пісіп, қайтыс боп кетті. Жесір, екі баласы бар еді. Ол кісі 500 мың берген.

Жиналғандар мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грантты алып беретіні туралы жарнаманы көшеден көріпті. Жеке танысқан кезде қаланың прокуроры, антикор мен әкімдермен жақын араласатынын айтып сеніміне кірген. «17 миллион теңге берсең, 64 миллион теңгенің грантын ың-шыңсыз алып беремін» деп сендіріпті. Бірақ 150-ге жуық тұрғынның қаржысын жинап алып жоқ болған. Қазір полицейлер төрт адамның арызы бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні үй қамаққа жөнелткенін айтады. Оңай ақшаға қарық боламын деп тақырға отырған өзгелердің арызын бүгін тағы қабылдады.

Бағлан Исатаева, Шымкент қаласы ПД баспасөз хатшысы:

Егер тергеу жүргізуде ондай қажеттілік болса, бас шарасы өзгертілуі мүмкін. Күдікті қазір бір адам. Сыбайластары тергеде анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде