Қарағанды облысында полицейлер жүргізушіні жүз шақырымға дейін қуған
Қарағанды облысында полицейлер жүгенсіз жүргізушіні жүз шақырымға дейін қуып барып әрең ұстады. Ол ауа райына байланысты жабылған тас жолға шығып, тәртіп сақшыларының талабына көнбеген. Тіпті ұсталған кезде де көлігінен түспей әлекке салған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
05.01.2024
Оқыс жағдай Қарағанды - Балқаш тас жолында болды. Көлік жүргізушісі жолды жапқан полция бекетін айналып өтіп, тізгінді қоя берген. Іле-шала оның ізіне полицейлер цеейлер түседі. Бірақ 27 жастағы көлік жүргізушісі алдына қара түсірмеген. Жолда сан рет апатты жағдай да болған. Қуу 100 шақырымнан соң ғана аяқталды. Оның өзінде полиция көліктері жолды кесе-көлденең жауып әрең тоқтатқан. Алайда жүргізуші көліктен шықпай біраз қиғылық салған. Ақыры қолына кісен салынған жігітке бірден үш хаттама толтырылды. Жолдың қарсы бағытына шығып, полиция талаптарын орындамай, апатты жағдайлар тудырғаны үшін 15 тәулікке қамалады. Жүргізуші куәлігін де жақын арада көрмейтіні анық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!