{metadescription}
«Майқайыңалтын»: Шұңқырға құлаған автобус ішіндегі екі адам әлі табылмады
«Майқайыңалтын»: Шұңқырға құлаған автобус ішіндегі екі адам әлі табылмады

«Майқайыңалтын»: Шұңқырға құлаған автобус ішіндегі екі адам әлі табылмады

Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» кенішіндегі қазан шұңқырға құлаған автобустың нақты қай жерде жатқаны анықталды. Бірақ тым тереңде болғандықтан, ауыр техника жете алар емес. Кен орнын қазған сайын топырақ опырылып, құтқарушылардың жұмысын қиындатуда. Сол себепті автобус ішіндегі екі адам әлі табылған жоқ. 

Автобустың қай жерде екенін георадар анықтады. Тереңдігі 150 метр шұңқырға құлаған автобус топырақ астында қалған. Ал, ішіндегі екі адам да сол күйі белгісіз. Алтын кенішінде іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. 140 адам 47 техникамен шахтадан 37 мың текше метр топырақ шығарған. Соған қарамастан опырылған топырақ кедергі келтіріп тұр.

Естеріңізде болса, шахтадан шақырту алып түн ішінде келген кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі мінген автобус кенішке жақындағанда жер опырылып кеткен. Ішіндегі үш маман жүргізушісімен бірге ойыққа құлады. Құтқарушылар алғашқы күні екі адамның мәйітін жоғарыға шығарды. Ал қалған екі адам мен автобусты құтқару тобы бе күннен бері іздеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде