{metadescription}
Оралда кафедегі жарылысқа кінәлі деген күдікпен бір адам қамауға алынды
Оралда кафедегі жарылысқа кінәлі деген күдікпен бір адам қамауға алынды

Оралда кафедегі жарылысқа кінәлі деген күдікпен бір адам қамауға алынды

Оралда үш адамның өмірін жалмаған кафедегі жарылысқа кінәлі деген күдікпен бір адам қамауға алынды. Ол — дәмхананы жалға алған кәсіпкер. Енді 33 жастағы жігіт тергеу аяқталғанша абақтыда отырады.

Күні кеше «Ризық» кафесіндегі жаралыста қаза болғандарды жерлеу рәсімі өтті. Ал денесін күйік шалып ауыр жарақаттанған екі даяшы қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оларды өлімнен арашалап қалуға бар күшін салып жатыр. Тұрғындар зардап шеккен екі қызға көмек ретінде ашылған қайырымдылық шотына 6 миллион теңгеден астам ақша жинаған. Ал бүгін сот шешімімен ғимаратты жалға алған кәсіпкер қамалды. Бұған дейін 33 жастағы Меңдібек Уәлиев санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін ескерту алып, бірнеше мәрте айыппұл арқалаған. 

Саян Жүнісбаев, Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы:

Өтініш қанағаттандырылды. Күдікті Уәлиев Меңдібек Сейітқалиұлын қылмыстық іс бойынша екі айға дейін қамауға алынады. 2024 жылдың 6 наурызы сағат 16:15-ке дейін. Қаулының көшірмесі қылмыстық іске қосылсын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде