{metadescription}
Талдықорғанда зейнеткер мен оның 52 жастағы ұлын бауыздап кеткен
Талдықорғанда зейнеткер мен оның 52 жастағы ұлын бауыздап кеткен

Талдықорғанда зейнеткер мен оның 52 жастағы ұлын бауыздап кеткен

Асқан жауыздықпен өлтірген. Талдықорғанда жер үйлердің бірінде екі адамның мәйіті табылды. 72 жастағы зейнеткер мен оның 52 жастағы ұлын бауыздап кеткен.

Анасы мен баласының мәйітін қонақтан қайтқан немересі бірінші болып көрген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері екі марқұм да бірнеше жерден салынған пышақ жарақатынан өлді деген болжам жасап отыр. Қылмыс болған үйде ит пен мысықтан басқа ешкім қалмады. Аумақ сары лентамен оқшауланған. Ал екі адамның өлімін мойнына арқалаған 43 жастағы күдікті әлі іздеуде. Мұндай қастандыққа не түрткі болғаны да әзірге белгісіз.

Көбейхан Нұрахмет, Жетісу облысы ПД ресми өкілі:

Полиция бесінші қаңтарда Талдықорғандаа жеке үйден табылған зорлық өлімінің белгілері бар қарт әйел мен оның 52 жастағы ұлының өлімін зерттеп жатыр. Күдікті ретінде 43 жастағы ер адамды іздеп жатырмыз, жедел іздестіру облыстық олиция департаментінің бақылауында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде