{metadescription}
Алматыда отшашудан үш жасөспірім зардап шегіп, тағы алтауы ауруханаға түскен
Алматыда отшашудан үш жасөспірім зардап шегіп, тағы алтауы ауруханаға түскен

Алматыда отшашудан үш жасөспірім зардап шегіп, тағы алтауы ауруханаға түскен

Ойнаймын деп, оңбай опық жеді. Алматыда отшашудан үш жасөспірім зардап шекті. Тағы 6 жеткіншек әр түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Олар атылмай қалған петардаларды жинап, жармақ болған.

«Қызық көремін» деп жапа шеккендердің екеуіне операция жасауға тура келді. Пиротехника 13 жастағы баланың саусағын жұлып кеткен.16 жастағы жасөспірімдердің оң қолы жараланған. Тағы біреуінің жақ беті оңбай күйіп қалыпты. Оттың ұшқынынан барлығының беті және кеуде қуыстарында термиялық жарақат бар. Дәрігерлер оларға алдағы уақытта пластикалық ота жасалынатынын айтады. Толық айығып кетуіне шамамен үш ай керек екен. Қаңтардың басынан бері пиротехниканың кесірінен 9 бала ауруханаға түскен. Олардың төртеуі емделіп үйіне жіберілді. Ал бес бала әлі ауруханада жатыр. Екеуі травматология, екі науқас күйік бөлімшесінде. Көзінен жарақат алған тағы бір жасөспірім офтальмолог дәрігерлердің бақылауында.

Мейіржан Құрманәлиев, Балаға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының бөлім меңгерушісі

Үш бала келіп түсті. Екі балала алақан жарақат. Саусағы үзілген. Беті күйген. Микрохирургиялық көмек көрсеттік. Қан тамырлары, сіңірлері, саусақтары қалпына келтірілді. Үш балаға әлі де ота керек. Екі айдан кейін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде