{metadescription}
Сейсмомаман: Алматыда күшті жер сілкінісі күтілмейді
Сейсмомаман: Алматыда күшті жер сілкінісі күтілмейді

Сейсмомаман: Алматыда күшті жер сілкінісі күтілмейді

«Алматыда 15 қаңтарда қатты жер сілкінісі болады» деп, ел дүрлігіп отыр. Ресми дереккөзге сілтеме жасамай, мұндай ақпаратты таратқан блогерсымақтың сөзіне жұрт имандай сенген. Сейсмологтар мұндай ақпаратты жергілікті мамандар да, тіпті зілзаланы болжауда озық технология қолданатын жапондықтар да болжай алмайтынын айтады.

«Көріпкелмін» деген желі қолданушысы «бір аптадан соң Алматыда 12 балл жойқын жер сілкінісі болады» дейді. Сөзі сенімдіріек болуы үшін былтыр жазда Мэлс Елеусізовтің жасаған мәлімдемесін де қосыпты. Танымал эколог "шаһарда қатты зілзала жүз жылда бір болады және ол жақындап қалды" деген еді. Осылайша екі ақпаратты байланыстырғандар халыққа 15 қаңтар күні шаһардан қауіпсіз аймақтарға уақытша көшіп, эвакуациялау туралы да хабарлап жатыр. Мұны естіген Сейсмология институтының мамандары ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтады. Алматы жер сілкінісі көп болатын аумақ саналғанымен, алдағы уақытта болатын қатты дүмпуге қатысты дабыл келмеген. Жер қыртыстарының қозғалысын сейсмографпен үздіксіз бақылап отыратын мамандар «үлкен қауіп жоқ» дейді.

Нұрсәрсен Өзбеков, Ұлттық сейсмология ғылыми орталығы, сейсмологияны қадағалау мен зерттеу ғылыми орталығы басшысының орынбасары:

Қаңтар айының екінші декадасында біздің сейсмолог мамандар 2024 жылға арналған өзінің күшті жер сілкінісін, Алматы сілкініске қауіпті аймағында болжау туралы байламын жасайды. Ол байлам тиісті мекемелерге жіберіледі. Ал әлеуметтік желілердегі «күшті жер сілкінісі болады» деген божам негізсіз деп есептейміз. Сондықтан да Алматы тұрғындарына, Алматы облысы тұрғындарына еш әбіржудің қажеті жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде