{metadescription}
«Жем шашуға болмайды». Қаракөлде қырылған аққуды алматылық орнитологтар зерттейді 
«Жем шашуға болмайды». Қаракөлде қырылған аққуды алматылық орнитологтар зерттейді 

«Жем шашуға болмайды». Қаракөлде қырылған аққуды алматылық орнитологтар зерттейді 

Маңғыстау облысының Қаракөл көлінде өлген аққулардың саны 639 болды. Енді құстардың жаппай қырылу себебін Алматыдан келген орнитологтар зерттейді. Сондай-ақ құс тұмауына қарсы арнайы шаралар қолға алынады.

Темірбек Нұртазин, ветеринария, бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облысы инспекциясының басшысы:

Құс тұмауының анықталғаны оның азиялық H5N1 штамы анықталып отыр. Ұлттық референт орталығының зерттеуі бойынша қорытындысы құс тұмауын анықтап отыр. Бес өлекседен қосалқы материал алып, ұлттық референт орталығына бүгін таңертең жеткізгенбіз.

Бүгінде Қаракөл көлінен 639 сыбырлақ аққудың өлексесі табылды. Бұл сан тағы да өсуі мүмкін дейді мамандар. Өлген құстардың 90 пайыздан астамы жас аққу. Қосымша зерттеулер жүргізу үшін Алматыдан мамандар шақыртылады. Сондай-ақ биыл құстарға екпе егілмеген. «Махаббат символы» саналатын сыбырлақ аққулар содан өлуі мүмкін деген болжам бар. Қаракөл көлі елімізде ерекше қорғалатын орнитология аумақтарының қатарына жатады. Бұл жерді қыста ондаған мың құс мекендейді. Сондықтан мамандар тұрғындарға жабайы құстарға жем шашуға болмайды дейді.

Жасқайрат Нұрмұхамбетов, «Үстірт» мемлекеттік тарихи қорығы директорының міндетін атқарушы:

Қаракөл көлі ерекше қорғатын табиғи аумаққа жатады. Мұнда құс жемдеуге және тұрғындарға арнайы киімсіз келу тұмауы кезінде өте қауіпті. Тұрғындарға алғысымызды білдіреміз. Құстарды жемдеуге, қаражат жинаймыз дегендерге рахмет. Бірақ ондай шараларды көлде жасауға болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.