{metadescription}
Ақтөбеде хакерлер шабуылынан жедел жәрдем қызметі үш күн байланыссыз қалған
Ақтөбеде хакерлер шабуылынан жедел жәрдем қызметі үш күн байланыссыз қалған

Ақтөбеде хакерлер шабуылынан жедел жәрдем қызметі үш күн байланыссыз қалған

Ақтөбеліктер үш күннен бері жедел жәрдем қызметін шақыра алмай отыр. Себебі 103 желісіне хакерлік шабуыл шабуыл жасалып, байланыс үзілген. Соның кесірінен басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындар шұғыл медициналық көмектен қағылуда. Тіпті жағдай ушыққан соң, төтенше жағдайлар департаментінің желісін пайдалануға тура келді.

Марат Жанқұлов, Ақтөбе облысы жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері:

Сол жаққа өз диспечерлерімізді жіберіп, шақырыстардың бәрін қабылдадық.Өте қиын болды. Колл орталығы жұмыс істемей қалды. Қабылдау болмаған соң, халыққа қиын.

Жедел жәрдем желісі жұма күннен бері қоңырау қабылдауды тоқтатты. 103 нөміріне хабарласу мүмкін емес. Қан қысымы көтеріліп немесе қансырап жатқандардың өзі шұғыл медициналық көмек алуға қолы жетпеді. Ал желінің жұмыс істемейтінін жергілікті шенеуніктер елге тек жексенбіде хабарлаған. Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты 112 немесе 109 нөміріне, жедел жәрдемге хабарласуға болатынын айтып, құтқарушылар қатарына 103-тің де диспетчерлерін жіберді. Шұғыл медициналық көмек көрсету бекетінің байланысына жауапты компания хакерлер желіге шабуылдап, интернеттен ажыратты дейді. Бұл фирма былтыр ғана тендер ұтып алған екен. Енді осындай жағдайдан соң арадағы келісімшарт та бұзылуы мүмкін. 

Қанат Сырлыбаев, «Транстелеком» АҚ филиалының бизнес дамыту жөніндегі директоры:

«Транстелеком» серверіне шабуыл болып, 103 қызметіне бөлінген статистика AI мекенжайды бұғаттау арқылы бүкіл байланыс қызметі жұмыс істемеді. Оны қазір біз нақты айта алмаймыз. Өйткені жұмыс жүргізіліп жатыр. Бәрін қараймыз. 103 қызметіне бөлінген AI мекенжай ауыстырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.