Отар гарнизонында болған төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жамбыл облысындағы әскери қалашықта төбелес болып, екі адам жарақаттанды. Оқиға Отар гарнизонында болған.
Автор: Сәбит Әлдебай
08.01.2024
Түнгі төбелеске кәмелетке толмағандар да қатысқан. Жаға жыртысқан жастар арасында гвардия гарнизонының келісімшарттағы әскери қызметшілері де жүр. Екі жауынгер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жұдырығы жуан төрт тұрғын да тергелуде. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жастардың дауына махаббат мәселесі себеп болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты «бұзақылық», «қорлау» баптарымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары