{metadescription}
«Қолма-қол ақша талап ету — заңсыз».  Ескерту, қайталанса — 147 мың теңге айыппұл
«Қолма-қол ақша талап ету — заңсыз».  Ескерту, қайталанса — 147 мың теңге айыппұл

«Қолма-қол ақша талап ету — заңсыз».  Ескерту, қайталанса — 147 мың теңге айыппұл

«Төлемді тек қолма-қол ақшамен қабылдаймыз». Салық кодексіне өзгеріс енгізілгелі жұрт базарлар мен дүкендер онлайн аударым қабылдауды қойды деп шағымдануда. Ал QR немесе мобильді аударымды қабылдау тетігі бола тұра, қолма-қол ақша талап ету — заңсыз, - дейді мамандар. Заң бұзғандарға бірінші рет ескерту жасалады, ал қайталанған жағдайда 147 мың теңге айыппұл салынады.

Жыл басталғалы еліміздегі базарлар мен дүкендеріндегі көрініс осындай. Әдетте банк есепшотының нөмірін жарияға жар салып жазып қоятын саудагерлер енді тек қағаз теңге, тиын ақша қабылдауға көшкен.

Соңғы бірнеше жылда қазақстандықтар банктердің мобильді қосымшасына әбден үйреніп қалған. Алайда биылдан бастап енгізілген өзгерістен шошыған кәсіпкерлерді ескіше есептесуге итермелеген сыңайлы. Бірақ қатарынан үш ай бойы әр түрлі нөмірден 100 аударым келіп түссе, азамат күдікке ілінеді. Және жіті тексерілетін болады. Кәсіпкерлерге көлеңкелі кәсіпті қойып, қолма-қол ақшаға көшу тиімді емес екенін түсінуі керек, дейді құзырлы ведомство.

Айнұр Сартаева, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:

Дүкенге барғанда бақылау касса машинасының чегін бермесе немесе терминал қолданудан бас тартып, яғни банк картамен төлем қабылдамаймын, қолма-қол ақшамен төлеңіз деп талап етіп жатса, бұл заңбұзушылығы туралы кез-келген жеке тұлға мемлекеттік кірістер органына шағымдана алады. Және бұл шағым нәтижиесінде оларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Яғни кәсіпкерлер салықпен қоса айыппұл арқалайды. Жеке тұлға ретінде жұмыс істеп, табыстың қайдан түсіп жатқанына есеп бере алмасаңыз, онда жеке кіріс салығы ретінде пайдаңыздың 10 пайызын төлеуге тура келеді. Егер табысты жасыруға тырысқаны анықталса, заңсыз тапқан ақшаның 200 еселенген көлемін айыппұл ретінде арқалайды. Ал жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, QR арқылы төлем қабылдайтын кәсіпкер небәрі 3 пайызын ғана салыққа төлейді.

Айнұр Сартаева, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі

Бұған дейін кәсіпкер болып тіркелмей, жеке тұлға ретінде кәсіпкерлікпен айналысып, ай сайын 100 әр түрлі адамнан аударым алып отырса, онда оған 10 пайыз мөлшерде салық төлеу керек болады.

Ал жеке тұлғалардың алаңдайтын түгі жоқ. Бұрынғыдай жақындарыңыздан, достарыңыздан ақша қабылдай бересіз.

Максим Чернышев, жеке кәсіпкер:

Тек қолма-қол ақша қабылдау дұрыс емес. Заңды деп те айта алмаймын. Заң бәрімізге ортақ болуы тиіс. Бір ауыздан оны қабылдап, кірісті жасырмай,салықтан қашпау керек. Оның үстіне қазір банктерде төлем жасаудың барлық әдісі қарастырылған.

Биылдан бастап елімізде жалпыға бірдей декларацияның кезекті кезеңі басталды. Бұл жолы жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылары, заңды тұлғалар және олардың жұбайы елдегі, сондай-ақ шет елдердегі мүлкін жария етеді.

Наталья Малярчук, ҚР Парламенті мәжілісінің жанындағы қоғамдық палата мүшесі:

Кәсіпкерлер, әсіресе шағын бизнес иелері өз бизнесін сақтап қалуы үшін бұл өзгерісті қабылдауы қажет. Бастама көлеңкелі кәсіптің жолын кеседі. Табыс таптың ба, салығыңды төле. Жымысқы әрекетті мобильді аударыммен немесе қолма-қол ақшамен жасыру адамгершілік жағынан да, құқықтық тұрғыдан да дұрыс емес.

Заң баршаға ортақ болуы тиіс. Сарапшылар адал табысты ашық жариялап, адал еңбектенуге шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде