{metadescription}
Баласына бейжай қараған ата-ана енді тек айыппұлмен құтылмайды
Баласына бейжай қараған ата-ана енді тек айыппұлмен құтылмайды

Баласына бейжай қараған ата-ана енді тек айыппұлмен құтылмайды

Баласы терезеден құлап мертіккен ата-ана енді заң алдында жауап береді. Қазір депутаттар мен бала құқығын қорғау жөніндегі уәкіл тақырыпты қызу талқылап, заңнамаға бірнеше түзету әзірлеуде.

Әзірге әр жағдай жеке дара қаралады дейді жауаптылар. Сондықтан кесіп-пішіп, жазаның нақты қандай боларын ешкім айта алмай отыр. Дегенмен бала өміріне бейжай қараған ата-аналар айыппұлмен ғана құтылмайды екен. Заңның қатаңдатылуына соңғы бес жылдағы статистика түрткі болған. Бұған бірінші кезекте терезеге арнайы қорғаныш механизмінің орнатылмауы себеп. Сондай-ақ үлкендердің перзентіне бас-көз болмауы да осындай қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Отбасының шырқын бұзатындарға да жаза қатайтылады. Бұған дейін жұдырығын ала жүгіріп үйдің беркесін қашырғандарға әуелі ескерту жасалып, кейіннен 15 тәулікке қамалса, енді бірден 60 тәулікке қамалады.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет вице-министрі:

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде осы қылмыстар үшін 15 тәулікке дейін қамауға алу санкциясы қарастырылған. Егер де ол қылмыстық кодекс қатарына енетін болса, мұндай нормалардың жауапкершілігі қатая түседі, яғни 50-60 тәулікке дейін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде