{metadescription}
Тауға апарып көміп тастаған. Талдықорғанда жоғалған қыздың денесі табылды
Тауға апарып көміп тастаған. Талдықорғанда жоғалған қыздың денесі табылды

Тауға апарып көміп тастаған. Талдықорғанда жоғалған қыздың денесі табылды

Тауға апарып көміп тастаған. Талдықорғанда жоғалған 14 жастағы қыздың мәйіті Текеліден табылды. Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің денесін тау бөктеріне апарып көмген.

Қаршадай қызды өлтірді деген күдікпен оның анасы мен өгей әкесі қамауға алынды. 14 жастағы Карина Дорохинаның жоғалғаны туралы ақпарат полицейлерге осыдан екі апта бұрын түскен. Іздеу шарасы дереу қолға алынып, жасөспірімнің қараша айының басынан бері сабаққа қатыспағаны белгілі болды. Көпке ұзамай полиция Карина қылмыстың құрбаны болуы мүмкін деген болжам жасады. Онысы бекер болмаған екен. Қазір қанды қылмысты жасады деген күдікпен қыздың анасы мен өгей әкесі қамауда отыр.

Меруерт Морякова, Жетісу облысы ПД ресми өкілі:

Осы күнге дейін қызды іздестіруімен полицейлер, оларға көмек көрсеткен Ұлттық Ұланның әскери қызметшілері мен еріктілері айналысқан. Қазір сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 99-бабына сәйкес, яғни адам өлтіру бойынша жалғасуда және ҚР Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде