Костенко атындағы шахтада болған апаттың себебі анықталды
Былтыр қазанның 28-не қараған түні Костенко атындағы шахтада метан газы жарылып, 46 кенші опат болды. Арнайы комиссия апатқа еңбек талаптарының бұзылуы мен қауіпсіздіктің сақталмауы себеп деп отыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
09.01.2024
Владимир Яблонский бұл қызметке 2022 жылдың 3 қарашасындағы Ленин атындағы шахтадағы апаттан кейін тағайындалған. Ол кезде де метан газы жарылып бес кенші ажал құшқан. Сол кездегі апатқа техникалық қауіпсіздік ережесінің сақталмағаны, құрылғылардың ескіргені себеп делінген. Жаңа басшы жағдайды реттейтін де болған. Дегенмен былтыр тамыз айында «Қазақстан» шахтасында конвеер лентасы өртеніп, тағы бес кенші қаза тапты. Екі апат бойынша қозғалған қылмыстық істерге әлі нүкте қойылған жоқ. Осы жолғы апатқа жауаптылардың бәрі — лауазымды тұлғалар.
Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
— Бұл қатардағы жұмыскерлер емес. 28 адамның барлығы да инженерлік- техникалық салаға жауапты лауазымды тұлғалар — компанияның бас директоры Яблонский, персонал бойынша директор Винокурова, көмір департаментінің техникалық директоры Белый, көмір департаменті директорының орынбасары Огай және басқалары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!