{metadescription}
"Майқайыңалтын": Автобусқа бес метрдей жақын қалды, бірақ ...
"Майқайыңалтын": Автобусқа бес метрдей жақын қалды, бірақ ...

"Майқайыңалтын": Автобусқа бес метрдей жақын қалды, бірақ ...

"Майқайыңалтын" кенішіндегі терең шұңқырға түсіп кеткен автобусты шығару әзірге мүмкін болмай тұр. Құтқарушылар үйіндіні аршуда біраз қиындыққа тап болған. Өйткені экскаватор сияқты ауыр техниканы пайдалану мұндай тереңдікте мүмкін емес.

«Қазақстан тарихында мұндай жағдай алғаш болғандықтан, құтқару операциясында тәжірибеміздің жоқтығы сезіліп жатыр», - дейді төтенше жағдайлар министрі. Әзірге белгілісі, төтеншеліктер автобусқа бес метрдей жақындаған. Алайда көлік құлаған жердің асты қуыс, бос кеңістіктің көп болуы автобусты төменге сырғытуда.

Еске салсақ, 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кенішінде төрт құтқарушысы бар автобус жер астына құлап кеткен-ді. Оларды шахтада жарылыс дауысы мен түтінді көзі шалған оператор шақырған. Екі адамның мәйіті бірден табылды. Қалған екеуі автобустың ішінде қалуы мүмкін деген болжам ғана бар.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Бұл оқиға түнгі бір шамасында болды. Құтқарушылар мінген автобус өткен жер бұрын тегіс жер болатын. Қалайша опырылып кеткені түсініксіз болып тұр. Қазірдің өзінде үлкен ойық, біртіндеп уатылып жатыр. Шахтадағы қатты дүмпу дыбысынан шошыған оператор бірден құтқару қызметіне хабарласқан. Алып-ұшып жеткен жігіттердің бұлай ойыққа түсіп кетерін кім білген...

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде