Рахат Тұрлыханов әйеліне тағы қол көтерді
Рахат Тұрлыханов әйеліне тағы қол көтерді. Алматы қаласының мамандандырылған соты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік істің қаралғанын растады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
09.01.2024
Ресми дерекке сүйенсек, бұл жайт желтоқсан айының соңында өз үйінде болған. Әңгімелері жараспай жанжал шығып, арты жарын ұру-соғуға ұласқан. Соққы жеген жәбірленуші келіншектің жазған арызы негізінде бұл іс сотқа жетті. Сот отырысында Тұрлыханов өз кінәсін мойындап өкініш білдіріпті. Жұбайлардың татуласуына байланысты судьядан іс жүргізуді тоқтатуды сұраған. Әйелі кешірім бергеннен кейін әнші әкімшілік жауапкершілікке ғана тартылды.
Айта кетейік, былтыр қазан айында да Рахат Тұрлыхановтың жарына қол көтергені туралы ақпарат тараған еді.
Дархан Мырзахан, ҚР Сот әкімшілігінің Алматы департаменті баспасөз қызметінің басшысы:
— Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық үшін кінәлі деп танылып, ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!