{metadescription}
Ақтөбе облысында көлде мұз жарылып, көлік суға батты
Ақтөбе облысында көлде мұз жарылып, көлік суға батты

Ақтөбе облысында көлде мұз жарылып, көлік суға батты

Ақтөбе облысында көлдің үстін кесіп өтпек болған көлік, мұз жарылып суға батып кетті. Ал салон ішінде болған бір жолаушы сыртқа шыға алмай тұншығып өлген. 

Қайғылы оқиға Шалқар ауданында болған. Үш тұрғын көл жағасынан қамыс оруға шығыпты. Жеңіл көлікпен мұз үстімен баратын жерлеріне тура тартады. Бірақ жұқа мұз ойылып, машина су астына кеткен. Жүргізуші мен қасындағы бір жолаушы көліктен шығып, жоғарыға шығып үлгерген. 52 жастағы үшінші азамат батып кеткен. Оның өлі денесін екі жарым метр тереңдіктен құтқарушылар алып шықты. 

Иса Байтұрсынов, Ақтөбе облысы ТЖД басқармасы бастығы:

Құтқарушылардың көмегімен су астындағы адам шығарылды. Екі жарым метр. Енді бұл жерде анықталып отырғаны, ол жерде өткел болмаған. Сонда да мұздың үстіне көлікпен шыққан. Сол кезде батып кеткен жері 3 см болған. Ол жердің қалыңдығы көтермейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.