Ақтөбе облысында 42 жастағы келіншек пойызда босанып қалды
Ақтөбе облысында 42 жастағы келіншек пойызда босанып қалды. Жолай толғағы қысқан анаға жолсеріктер көмек беріп, әйел бөпесін бауырына алды.
Автор: Жаңалық Ахаш
09.01.2024
Айнагүл Тілеубергенова облыс орталығына жету үшін Шалқар ауданындағы Тоғыз бекетінен пойызға отырған. Жем қаласына жақындағанда толғағы басталыпты. Дереу шойын жол бойындағы дәрігерелерге хабар беріп жедел жәрдемді күткен. Бірақ отарба ішінде босанып, салмағы 3 келі 700 грамм қызды дүниеге әкеледі. Атын Малика қойыпты. Келіншек алтыншы бөпесін облыс орталығындағы перзентханада босануды жоспарлаған екен.
Бақытжан Түлкібаева, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:
— Сол кезде бала мен әйелді алып Ембі ауданы ауруханасынасының перзентхана бөліміне салынды. Бүгінгі күні бала мен әйелдің жағдайы жақсы. Анасы емізіп жатыр. Құдай қаласа ,ертең үйіне шығарылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!