Антикор министрлікке талдау жүргізді және ақпараты бар адамдардан көмек сұрайды
Ішіп-жеуінен бастап, іссапарға дейін жұмсалған әр тиын тексеріледі. Антикор қазір туризм және спорт министрлігі мен оған қарасты ведомстволық ұйымдардың қызметіне талдау жүргізіп жатыр. Және осыған қатысты қандай да бір ақпараты бар адамдардың көмегіне де мұқтаж.
Автор: Мерей Қалиасқар
10.01.2024
Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
— Спорттық іс-шаралар мен жиындар, жабдықтар мен спорттық тағамды сатып алу, шетелдік іссапарларды ұйымдастыру, сыйақылар, спорт нысандарын салу, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстау бойнша бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенетін болады. Егер сізде жемкорлық қауіп туралы ақпарат болса, cпорт саласында ұсыныстарыңыз болса, оны мына электронды поштаға жіберуіңізді сұраймыз: karipova.a@antikor.gov.kz
Талдау жұмысына агенттіктен бөлек, мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері де қатысып жатыр.
Антикор өткен Азиадада спортшыларымызға сапасыз форма тіктіргенінен кейін-ақ туризм және спорт министрлігінің қызметін тексермек болған. Ал салаға жауапты министр Ермек Маржықбаев отандық тігіншілерге киімдерді пішіп-тігуге мемлекеттік сатып алу арқылы тапсырыс берілгенін айтып ақталған-ды. Айтуынша, форманы мақұлдамас бұрын арнайы комиссия матаның сапасы мен дизайнын жан-жақты тексеріп барып тігуге жіберген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!