{metadescription}
Елорданың коммуналдық қызметі көшені екі ауысыммен тазалап жатыр
Елорданың коммуналдық қызметі көшені екі ауысыммен тазалап жатыр

Елорданың коммуналдық қызметі көшені екі ауысыммен тазалап жатыр

Елорданың коммуналдық қызметі көшені қалың қардан тазалап үлгермей жатыр. Бір түннің өзінде шаһар шетіне қар тиеген үш жарым мың жүк көлігі жөнелтілген. Әбден әбігерге түскен жұмысшылар көшені қазір екі ауысыммен тазалап жатыр.

Қала әкімдігі орта есеппен бір түнде 50 мың текше метр қар шығарылады деп отыр. Барлығы арнайы жабдықталған полигондарға жіберіледі. Синоптиктер солтүстік өңірлерде қыстың қарлы, боранды болатынын алдын ала болжаған. Осы күндері мектептер онлайн режимге ауыстырылып, оқушылар қашықтан оқып жатыр. Әуе рейстері де желдің ұйытқуына байланысты кестеден кешігіп ұшуда. Астананың халықаралық әуежайы бет қаратпайтын боран тоқтамаған жағдайда ұшақтардың әуеге көтерілуі мүмкін емес екенін ескертті.

Фархат Мойынов Есіл ауданы өндіріс техникалық бөлім басшысы:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қар шығару, жинау қарқынды жүргізіліп жатыр. Есіл ауданы бойынша бүгінде 370-ке жуық арнайы техника, 470 жол тазалаушы адам жұмылдырылды. Жұмыс екі ауысымда жүргізіліп жатыр. Күндізгі және түнгі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде