{metadescription}
Министрлік екпе алған-алмағанына қарамастан хабарлама таратып жатыр
Министрлік екпе алған-алмағанына қарамастан хабарлама таратып жатыр

Министрлік екпе алған-алмағанына қарамастан хабарлама таратып жатыр

«Вакциналаудан сәтті өттіңіз!» Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жылдан бастап екпе алған-алмағанына қарамастан, қазақстандықтарға осындай смс-хабарлама таратуда.

Қызылшаның вакцинасын салдыртпақ түгілі, емхананың табалдырығын аттамағалы біраз уақыт болған жұрт екпені «сырттай» салып жатыр ма деп таңданып жүр.

Айта кетейік, салаға жауапты министрлік жуырда ғана қызылшаға қарсы үндістандық екпенің қосымша бір жарым миллион дозасын сатып алғанын айтып сүйіншілеген. Премьер-министр де көп ұзамай қолда барды жаппай жұртқа тез арада егу керектігін ескерткен-ді. Денсаулық сақтау министрлігі дереу іске кіріскен сыңайлы. Ал жаппай келіп жатқан СМС-хабарламаны құзырлы министрлік "вакцина алғандарды есепке қою электронды форматта жүргізілгендіктен, қателесу фактісі болуы мүмкін" деп түсіндіріп отыр. Сондықтан номеріңізге мұндай СМС келген жағдайда, тіркелген жеріңіз бойынша емханаға хабарласып, деректердің дұрыс-бұрыстығын айту қажет дейді.

Бейбіт Есенбаев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Министрлік екпе алған-алмағандардың электрондық есебін жүргізеді. Содан кейін ол мәліметті медициналық қызметкерлер ақпарат жүйесіне енгізеді. Ал нөмеріне қате СМС келген пациенттерге айтарым, вакцина алмаған жағдайда, eGov mobile-дағы eDensaulyq бөлімінде вакциналау деректерін тексеруі қажет. Бұрыс ақпарат болса, емханасына хабарласып айтуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде