{metadescription}
Ақтөбе облысында оқушыны қаңғыған иттер талап тастай жаздады
Ақтөбе облысында оқушыны қаңғыған иттер талап тастай жаздады

Ақтөбе облысында оқушыны қаңғыған иттер талап тастай жаздады

Ақтөбе облысында мектеп оқушысын қаңғыған иттер талап тастай жаздады. Сол маңнан өтіп бара жатқандар бұралқы иттер қуып, соның арқасында ғана бала аман қалды.

Оқыс оқиға Мұғалжар ауданына қарасты Қандыағаш қаласында болды. Айдалада емес, мектептің спорт алаңынан өтіп бара жатқан оқушыға қарай иттер арсылдап ұмтылған. Дәл осылай бірер күн бұрын тағы бір оқушыға бұралқылар тап берген еді. Ол кезде жоғары сынып оқушысы арашалап қалған.

Қандағаш тұрғындары иесіз иттер қаптап кеткенін айтады. Ал жергілікті билік былтыр 1200 итті ауладық деп отыр. Биыл бұралқы иттерді аулап, бағуға Мұғалжар ауданы бюджетінен 18 миллион теңге бөлмекші. Ал облыста қаңғыған иттерге 200 миллион теңгеден аса ақша қаралған. Бірақ соған қарамастан қаңғыған иттерден қауіп сейілмей отыр.

Бауыржан Тілеулин, Мұғалжар ауданы ветеринария бекетінің басшысы:

Мектеп оқушысына қаңғыбас иттер шабуыл жасап, ол бала жарақаттанбай, аман қалды. Киімі бүтін, денесіне жарақат түспеді. Мектеп психологтары жұмыс істеп жатыр.Мектептің айналасынан алты ит ауланып, жұмыс әрі қарай шешімін табуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде