«Жұмысқа орналастырамыз». Маңғыстау жұртын алдаған қылмыстық топ ұсталды
Мұнай компаниясына жұмысқа кіргіземіз деп жұртты алдаған қылмыстық топ ұсталды. Жақсы қызметке орналасамыз деген аңғал азаматтардың ақшасынан бөлек, пара ретінде үй мен көліктерін иемденіп алған.
Автор: Айман Нұрмағанбетова
10.01.2024
Қаскөйлерді Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтаған. Қылмыстық топ республиканың өзге де қалаларынан 20-ға жуық адамды алдаған көрінеді. Келтірілген жалпы шығын сомасы 112 млн теңге. Қазір үш күдікті қамауда. Оларға бірнеше бап бойынша айып тағылған.
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
— Қаскөйлер мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастыру, сондай-ақ, автокөліктер мен жылжымайтын мүлікті алып сату сылтауымен 112 млн теңгеден астам қаражатты иемденген. Бүгінде полицияға республиканың әр өңірінен 20 адам арызбен жүгінді. Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!