Израиль: Қажет болса, әскери тәжірибені Ливанда да қолданамыз
Газа секторындағы тұрғын үйге жасалған кезекті зымыран соққысынан 20 адам қаза тауып, ондаған тұрғын жараланды. Израильдің ХАМАС сарбаздарына қарсы әскери операциясы әлі жалғасып жатыр.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
11.01.2024
Қазір Израиль әскері Газаның оңтүстігі мен орталық аудандарындағы босқындар лагеріне жеткен. Ливан шекарасында да атыс әлі тоқтамады. «Хезболла» ұйымының да зымыран атуын тоқтатпауына байланысты Израиль «әскери тәжірибені қажет болса, Ливанда да қолданамыз» деп отыр.
Еске салайық, Израиль мен Палестинаның ХАМАС қозғалысы арасындағы қақтығыс былтыр қазан айында басталған. Содан бері елде атыс-шабыс тоқтаған емес. Соңғы мәліметке сүйенсек, Газа секторында қаза тапқандар саны 23 мыңнан асады. Зардап шеккендер 60 мыңға жуықтаған. Қазір Біріккен ұлттар ұйымының халықаралық сотында осы жағдайға қатысты іс қаралып жатыр. Израильді Газада әскери қылмыстар мен геноцид жасады деп арыз түсірген — Оңтүстік Африка Республикасы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!