{metadescription}
Салтанат Нүкенованың туыстары біраз шындықтың бетін ашқан — сұхбат
Салтанат Нүкенованың туыстары біраз шындықтың бетін ашқан — сұхбат

Салтанат Нүкенованың туыстары біраз шындықтың бетін ашқан — сұхбат

Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау уақыты екі айға ұзартылды. Бұрынғы ұлттық экономика министрі 9 наурызға дейін қамауда болады. Ал күйеуінің қолынан айуандықпен қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туыстары арнамызға берген сұхбатында оның бағалы заттары мен әшекей бұйымдарын әлі күнге дейін қайтара алмай жүргенін айтты. Біраз шындықтың бетін ашқан марқұмның туған ағасы бүгінде сараптама қорытындысымен танысуды бастап кеткен. Қаралы ағайын-туыс 11 томнан тұратын істі шамамен бір ай қараймыз деп отыр.

Ең жақын адамынын бір сәтте көз жазып қалған Салтанат Нүкенованың туыстары әлі күнге дейін делсал күйде. Құр сүлдері қалған марқұмның ата-анасы бір апта бұрын ғана ауруханадан шығыпты. Әлеуметтік желіде жалғыз қарындасының ар-ожданын шыр-пыр болып қорғап жүрген Айтбек Амангелді болса, сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен танысуға Астанаға арнайы келген.» Сот жақындаған сайын құрығы ұзын Қуандық Бишімбаев тамыр-танысының барлығын іске қосуда", - дейді.

Айтбек Амангелді, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы:

Қуандық Бишімбаев ең ірі министрліктің тізгінін ұстады. Әлі күнге дейін билік тармағында оның жақын достары, таныстары бары сөзсіз. Қылмыс жасалған күннен бастап Бишімбаевтар отбасы барлық мүмкіндігін пайдаланғанын білеміз. Ықпалын пайдаланып кеткісі келеді. Олар бұл ретте адам өлімін ойлап жатқан жоқ, балаларына қатаң жаза тағайындалатынын ғана уайымдауда.

Олардың адам өлімін ойлап бас қатырып жатпағаны Қуандықтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың үндеуінен анық көрініп тұр дейді Айтбек Амангелді. Жаңа жылға бірнеше күн қалғанда әлеуметтік желіге жүктелген видеода әкесі баласының әйелін өлтіргісі келмегенін айтып ақталған-ды.

Ішіндегі бар «әттеген-айын» көпшіліккке жайып салған Бишімбаевтар отбасына құдаларының айтары көп. Әлі күнге дейін келінінің әшекей бұйымдары мен бағалы киімдерін неге бермей отырғаны көпке сұрақ. Қайғылы оқиғадан кейін тергеуші Нүкеновтерді Қуандық пен Салтанаттың шаңырағына, қыздарының заттарын алып кетуге шақырыпты. Алайда адвокаттары кедергі жасады дейді ағасы.

Айтбек Амангелді, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы:

Ата-анам есеңгіреп, ауруханада жатқандықтан Салтанаттың заттарып алып кетуге мен бардым. Үйде Қуандық Бишімбаевтың анасы мен әпкесі болды. Адвокаттары алдымыздан шығып, бөгет жаасауға тырысты. Ал туыстары кінәлі кейіп те танытпады. Анасы Салтанаттың заттарын жерге лақтырып, әшекей бұйымдарының бірін де бермеді. Құнды дүниелердің біразын Салтанат тұрмысқа шықпай тұрып алғанын ескерткім келеді.

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталған. 11 томнан тұратын істі Астана полиция департаменті прокуратураға жолдамақшы. Ол үшін ең әуелі тараптар істің қорытындысымен танысып үлгеруі керек. Нүкенованың құқығын қорғамаққа бекінген адвокат Жанна Оразбақова сараптаманы қолына алған бетте «адам өлтіруге қатысты талай іске қатыстым, бірақ мынадай сұмдықты бірінші рет көрдім» деп отыр.

Жанна Оразбақова адвокат:

Қылмыстық істің «опасный рецидив» дегені бар. Ол алдында сотталған. Ерекше ауыр қылмыс істеп, ол жазасын өтемеген. Ол өтелмеген жазасы әлі бар. Сондықтан оның өтелмеген жазасы мен қазіргі жазасы қосылып, өмір-бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір Қуандық Бишімбаев Астана қаласындағы тергеу изоляторында. Оның ол жақта өткізген әр күні бір жарым күнге есептелуде. Ал қайғыдан қан жұтып отырған Нүкеновтер отбасы Бишімбаевқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған жағдайда ғана Салтанаттың әруағы тынышталады деп сенеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде