Пышақтамақ болған жолаушыдан сақтанған таксиші полиция көлігіне соғылды
Қаскөйлерден айласын асырды. Қостанайда ер адам діттеген жеріне жетіп алу үшін такси жүргізушісін пышақпен қорқытқан. Ал суық қарудан аман құтылмайтынын білген жүргізуші жол бойындағы полицейлердің көлігіне әдейі соғылыпты.
Автор: Сәбит Әлдебай
11.01.2024
Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлердің мәліметінше ғ Рудный қаласының екі тұрғыны облыс орталығына таксимен бара жатқан. Жолаушылардың бірі қалаға кіреберісте такси жүргізушісінің мойнына пышақ тақап, ақша бопсалауға көшкен екен. Осы кезде такси жүргізушісі полицейлердің қызмет көлігін көріп қалып, соған әдейі барып соғылған. Осы сәтте жүргізуші қауіпсіз жерге қашып үлгеріпті. Ал күдіктілер бірден ұсталған. Қазір тергеу басталды.
Нұрлыбек Байкенжин, Қостанай патруль полициясының аға инспекторы:
— Екі көліктің соқтығысқанын байқадық. Сол бағытта кетіп бара жатқанымызда ақ көліктің ішінен бір азаматтың қашып бара жатқанын көріп қалдық. Сол көшінің бойында азаматты ұстап алып, жол бойына пышақты лақтырғанын байқадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!