Аида Балаева «Қазақфильм» төңірегіндегі дауға қатысты мәлімдеме жасады
Аида Балаева «Қазақфильм» төңірегіндегі дауға қатысты мәлімдеме жасады. Мәдениет және ақпарат министрі пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Министр «Қазақфильмнің» айналасында болып жатқан мәселеден хабардар екен.
Автор: Асқарбек Қазанғап
11.01.2024
Аида Балаева, ҚР Мәдениент және ақпарат министрі:
— Шынында да, қазір біз айналысып жатқан жүйелі мәселелер бар. Осыған байланысты ұйымдастыру және заңнамалық шаралар қабылданатын болады. Аты аңызға айналған «Қазақфильмнің» бұрынғы даңқы көп ұзамай оралатынына сенімдімін. Алдағы уақытта сапалы фильмдер түсіріп, көрерменді қуанта береді деп ойлаймыз.
Шәкен Айманов атындағы киностудияда шу күні кеше ғана шыққан. Актер Қуандық Дүйсенбаев «Қазақфильмнің» аумағы жүзге жуық қытай көлігінің тұрағына айналғанын айтып базынасын жеткізген. Және қызметкерлердің 30 пайызы ақысыз демалысқа жіберілгенін де жайып салды.
Киностудия президенті Азамат Сатыбалды расымен ғимаратты жалға бергенін, қаржыдан қысылғандықтан қызметкерлерін демалысқа жібергенін растады. Тығырықтан шығудың бір жолы деп, таксопарпен келісімшартқа отырыпты. Алайда қанша ақша «Қазақфильм» бюджетіне түсетінін айтпады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!