{metadescription}
Түркістан облысында былтыр қолданысқа берілген көпқабатты үй қирап қалды
Түркістан облысында былтыр қолданысқа берілген көпқабатты үй қирап қалды

Түркістан облысында былтыр қолданысқа берілген көпқабатты үй қирап қалды

Түркістан облысында осыдан бір жыл бұрын ғана берілген көпқабатты үй қирап қалды. Екі апта бұрын қабырғаларына сызат түскен баспана Қазығұрт ауылындағы кезекте тұрған көпбалалы аналар, мүгедектер мен жетімдерге үлестірілген. Сапасыз салынған құрылыстан екі күн бұрын үйдің бір бөлігінің қабырғасы қақ айрылып, едені опырылып кеткен. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Ал құрылысты қабылдап алған әкімдік бар кінәні тұрғындарға артып отыр. Себебі кәріз суын дер кезінде құрғатпай, баспананың астына су жиналған деп отыр шенеуніктер. Қазір құлаудың алдында тұрған үйге сараптама тағайындалды.

Қосқабатты үйлер Қазығұрт ауданында баспана кезегінде жылдап тұрған мүгедектер, көпбалалы отбасылар мен жетімдерге бір жыл бұрын ғана берілген. Бірақ баспаналы болғандардың қуанышы көпке созылмады. Екі күн бұрын әуелі подъездің қабырғасы шатынап, артынан едені опырыла бастаған.

Мәрия Сейітқұлова:

Бір күн бұрын құлады, өзі жарылды. Түнде сызат пайда болып, үй өзі жәйлап құлады. Сөйтіп бәрімізулап-шулап далаға шықтық. Сөйтіп бәріне хабар айттық. Ол кісілер жүгіріп келіп, бізді жайғастырып жатыр.

Кешелі бері тұрғындар қарама-қарсы орналасқан мемлекеттік қызметкерлерге арналған үйге көшірілген. Ал ол жерден пәтер жетпегені жүктерін жинап кетіп жатыр. Бұл баспанаға қайта оралғысы келмейтінін айтады. Себебі, сау қалған пәтерлерлердің қабырғасында да кешелі бері сызаттар пайда бола бастаған.

Мәселен, мына пәтерде сызат екі апта бұрын пайда болған. Әуелі сызық боп түскенде тұрғындар онша мән бермепті. Бірақ, қабырғасы қақырап айрылып жатқан жатқаны естіле бастаған соң, тұрғындардың зәресі ұшқан. Кішкентай ғана сызаттан пайда болған үй екі жеті ішінде енді құлағалы тұр.

Қисайып қалған баспананың ішінде жүру шынымен де қауіпті. Едендері опырылып, қадам басқан сайын сықырлап жатыр. Мұнда тұрып жатқандар жарықтың сағат сайын үлкейетінін айтады. Былтыр ғана көшіп келген тұрғындар жыл бойы «үреймен өмір сүрдік» дейді.

Ергүл Тойшиева:

Біз тұрғаннан бері бұл үй апатты. Бізге апатты үйді берген. Қоныстандық, содан бір ай өтпестен, қарашада, мына іргетасы дұрыс қаланбаған. Судың үстіне үй салған. Іргетасы жақсы болмаған бұл үйдің, кейін арматура ортада тұрмаған. Дуалдардың тарсылдаған дыбысы естіледі. Түнде басталады бұл жағдай. Кейін кіргеннен ккейін үйімізді су басқанда бұлар асығыс жауып тастаған.

Бұл үйден баспана алу үшін шенеуніктер ауызбастырық сұрады дейді жиналғандар. Сондықтан кейбірі ақшасы жетпей, енді біріне құрылыс сапасы ұнамай бас тартқан екен. Енді сол мүгедектер қирағалы тұрған үйге жоламағанына қуанып жатыр.

Гүлбану Бейсенова:

Бұл үйді әлі бермеген уақытта ғой, соғылып, дайындап жатқанда әкімдіктен бір адамдар сұрады, «ақша берсеңіздер, үй береміз, кезегіңіз жақын екен» деп. Дәл осы үйден. Сол миллионға жуық ақша сұралды. Ал біз ақша берген жоқпыз. Мен берген жоқпын.

Ал баспананы қабылдап алған шенеуніктер қирағалы тұрған үйдің құрылыс сапасынан бір жыл бойы «мін таппадық» дейді. Сондықтан бар кінәні тұрғындарға артып отыр. Кәріз суын дер кезінде құрғатпаған соң, ғимарат астына су жиналып, содан іргетасы шөгіп кетті деп, айды аспанға бір-ақ шығарды.

Нұрсұлтан Медеуов, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары:

Сол тұрғындардың есебінен уақытында тазаланбағандықтан, өңделмегендіктен қайтадан ұрған. Сол кезде бір жер астында болғандықтан, ол тұрғын үйде жертөле қарастырылмаған.Сөйтіп еденнің астында сондвй жағдай болған. Құрылыс кезінде мен басында болғам. Өзіміз жүргенбіз. Бұл жерде кері нығыздау, бәрі жүргізілген. Онда ешқандай қауіп-қатер келетін жағдай жоқ.

Тұрғындарға «ешқандай қауіп жоқ десе» де енді сағат санап қисайып бара жатқан бұл үй қайта қолданысқа берілер-берілмесі белгісіз. Қазір 187 миллион теңге жұмсалған қос қабатты үйге сараптама тағайындалды. Оған дейін мүгедектер мен көпбалалы отбасылар мемлекеттік қызметкерлерге арналған сапалы үйді уақытша паналамақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде