{metadescription}
Бүлік: Эквадорда құқық қорғау органдары 300-ден аса адамды ұстады
Бүлік: Эквадорда құқық қорғау органдары 300-ден аса адамды ұстады

Бүлік: Эквадорда құқық қорғау органдары 300-ден аса адамды ұстады

Эквадордағы бүліктің бітетін түрі жоқ. Соңғы мәлімет бойынша, елдің құқық қорғау органдары 300-ден аса адамды қолға түсірген. Ал елде ылаң салып жатқан қылмыстық топтың 20 мыңнан астам мүшесі бар көрінеді.

Ұсталғандардың ішінде түрмеден қашқандар, кәнігі қылмыскерлер мен экстремист ұйымның өкілдері бар. Олардан 61 қару-жарақ, 400-ден астам оқ-дәрі мен жарылғыш 24 зат тәркіленген.

Бірнеше күн кепілде болған 41 адам құтқарылды. Десе де бүлікшілер әлі де 100-ден астам адамды тұтқында ұстап отыр.

Еске салсақ, Эквадордағы бейберекетсіздік 34 жылға сотталған қылмыстық топтың жетекшісі абақтыдан қашып кеткеннен кейін басталған. Бүліктің басы түрмелерден басталып, кейін бүкіл елге тарады. Содырлар тіпті орталық телеарнаны басып алуға дейін барған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде