Жамбыл облысы қатты желден 12 миллионға шығынға батты
Жамбыл облысында да қатты жел тұрып, мектептің шатырын ұшырып әкетті. Тіпті дүлей дауыл ағаштар мен бағаналарды құлатып, бірнеше көлік пен балалар алаңын басып қалған.
Автор: Сәбит Әлдебай
11.01.2024
Табиғаттың тосын мінезінен тоғыз адам жарақаттанған. Дәрігерлер науқастарға алғашқы көмек көрсетіп, үйіне жіберіпті. Секундына 30 метр жылдамдықпен соққан желден Жамбыл ауданындағы 17 ауыл жарықсыз қалды. Ал Ниязбеков ауылындағы орта мектептің шатыры ұшып кеткен. Шығын шамамен 12 миллион теңге дейді жергілікті билік. Қазір коммуналдық қызмет қаланы қирандылардан тазартуда.
Қайрат Исмайыл, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:
— Электр энергиясын қалпына келтіру бойынша 12 жұмыс бригадасы жұмылдырылған. Онда 50-ге жуық маман мен 14 техника жұмылдырылған. Енді әлеуметтік нысандарда жалпы жылыту маусымына байланысты жылумен қамтлған. Штаттық режимде жұмыс жалғасуда. Бірақ мектептегі сабақтар онлайн режимге көшірілді. Барлық мектепте, Тараз қаласы бойынша онлайн режимде оқып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!