{metadescription}
Ақмола облысында жүкті әйел мен баланы құтқарамын деп ТЖ қызметкері үсіп қалды
Ақмола облысында жүкті әйел мен баланы құтқарамын деп ТЖ қызметкері үсіп қалды

Ақмола облысында жүкті әйел мен баланы құтқарамын деп ТЖ қызметкері үсіп қалды

Қаңтарда қырық құбылған ауа райы құтқарушылар мен полицияны әбден әуреге салды. Еліміздің әр өңірінде қақаған аяз бен боран соғып, жолдар жабылып жатыр. Тіпті Ақмола облысында төтенше жағдай қызметкері екіқабат әйел мен баланы құтқарамын деп өзі үсіп қалған.

Ал Ақтөбе облысында үскірік аязда 60 адам мінген автобус діттеген жеріне жете алмады, арасында балалар да бар.

Қарағандыда қатты жел шатырларды ұшырса, Семейде дүлей дауылдан бас шырша құлап қалған.

Еркіншілік ауылынан аудан орталығына шыққан отбасы. Ауруханаға екіқабат әйелі мен қолы сынған ұлын апара жатыпты. Жолда отағасы бұлақтан су алмақшы болып тоқтаған. Бұлақ іздеп жүріп адасып қалады. Үскірік аязда көлікте қалған әйел мен бала үсуге шақ қалған соң, құтқарушыларға хабар берген. Айдалада адасқан адамды да, әйел мен баланы да арнайы көлікпен шығып, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Амангелді Доскенов өзі іздеп тапқан. Алайда жоқ іздеп жүргенде екі құлағы мен бетін аяз қарып тастапты.

30 апталық жүктілікпен жолға шыққан әйел мен қолы сынған бала дәрігерлерге аман-есен тапсырылған. Әріптестерінің айтуынша,екі құлағы мен бетін үсітіп алған құтқарушы қаздың майын жағып алып, қызметін жалғастыруға кетіпті. Құтқарушылар тұрғындар минут сайын тиісті қызмет істеп тұрған ескертуді ескерсе екен дейді.

Абай облысында да ақтүтек боран мен көктайғақ. Даланы айтпағанда, қаланың ішінде жүріп тұру оңай емес. Алай-дүлей соққан жел кеше түнде Семейде құрылған бас шыршаны құлатып кетті. Шыршаның жанында суретке түспек болған қала тұрғынын басып қала жаздаған. Қазір көктайғаққа байланысты екі қала мен алты ауданның мектеп оқушылары жаппай қашықтан оқуға көшірілді. Тас жолдар да жабық.

Советбек Ақылжан, Абай облысы ТЖД басқарма инженері:

Облыстық маңызы бар Жетісу облысына баратын автожолдар Мақаншы- Жалаңашкөл 80-130 шақырым, Мақаншы- Үшарал 0 мен 48 шақырым учаскелерінде барлық көлікке қозғалыс жабылды. Басқа бағыттағы автожолдар ашық. Қазір автожолдарда көмек көрсету үшін қоңырау түскен жоқ.

Қарағанды облысында қатты желден электр желілері үзіліп, бағдаршамдар істен шықты. Қозғалыс қиындап, кешкілік жұмыстан шыққандар үйіне жете алмай қиналды. Коммуналдық қызмет қайда жетерін білмей әбден састы. Көптеген үйлер жарты тәуліктей жарықсыз қалды. Дауыл Теміртауда бір үйдің, Қарағандыда үш көпқабаты үйдің шатырын талқандады. Мәселен, мына үйдің шатыры осыдан бір ай бұрын ғана бюджет есебінен жаңартылған. Дүкеннің үстіне құлаған жабынды ешкімді баспапты. ып

Ақжарқын Елепбергенова:

Істелген жұмыстың сапасын өздеріңіз көріп тұрсыздар. Бюджеттің ақшасы желге ұшты. Алып шатыр дүкеннің қасбетін талқандап кетті. Сол мезетте дүкеннен шығып бара жатқан әйел бір затын ұмытып қайта кіргенде, төбеден шатыр түскен. Құдай сақтады деп осыны айтсақ болады.

Саршұнақ аяздан Ақтөбе облысында көліктер тұралады. Оңтүстік өңірден Ресейге бет алған автобус Талдысай ауылы маңында бұзылып қалған. Жолаушылардың бәрі өзге елдің азаматтары. Арасында 4 әйел мен 6 бала бар. Ер азаматтар Жүргенов кентіндегі мешітке, әйелдер колледж жатақханасына түнеп шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде